Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғаш рет құс тұмауының жаңа түрін жұқтырған адам мерт болды – ДДСҰ

Алғаш рет құс тұмауының жаңа түрін жұқтырған адам мерт болды – ДДСҰ

Фото: report.az
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде алғаш рет 59 жастағы мексикалық A (H5N2) жаңа құс тұмауын жұқтырып, қайтыс болғанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамдың қайтыс болғанына 2 ай өтсе де, денсаулық сақтау ұйымы бұл туралы енді хабарлап отыр.

Ол үй құстарымен немесе өзге де жануарлармен байланыспаған. Вирусты қайдан жұқтырғаны әлі белгісіз. Жалпы A (H5N2) вирусы Мексикадағы үй құстарында тіркелген.

"17 сәуірде пациентте қызба, демікпе, іш өту, жүрек айну мен жалпы әлсіздік белгілері байқалды. 24 сәуірде науқас медициналық көмекке жүгінген. Одан соң "Исмаэль Косио Вильегас" ұлттық респираторлық аурулар интститутына жатқызылып, жағдайының асқынуы себепті сол күні қайтыс болған", - делінген хабарламада.

Қазір ДДСҰ адамдар арасында вирустың әрі қарай таралу қаупі төмен деп бағалап отыр.

60% жағдайда өлімге әкеледі: Мамандар құс тұмауының адамдар үшін қаупін айтып дабыл қақты
Аққулардың жаппай қырылуына байланысты Rixos Aktau-ға қатысты іс қозғалды
Еске салайық, бұған дейін 2020 жылы басталған індет ондаған миллион құстың қырылуына әкелгенін жазған едік. Жақында вирустың бірнеше сүтқоректі түрлерінің, соның ішінде Америка Құрама Штаттарындағы малдың арасында таралуы вирустың адамдарға таралу қаупін арттырды.
06 маусым 2024 ж. 294 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031