Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда құс тұмауынан алғаш рет адам өлімі тіркелді

Үндістанда құс тұмауынан алғаш рет адам өлімі тіркелді

Үндістанда құс тұмауынан 11 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды India Today басылымы.
Басылым мәліметі бойынша, бала 2 шілдеде Бүкіл Үндістан медициналық ғылымдар институтына (All India Institute of Medical Sciences, AIIMS) дене қызуы көтеріліп жеткізілген, ал 20 шілдеде қайтыс болған. Бастапқыда ол COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген күдік болған. Бірақ барлық сынама нәтижесі теріс болғаннан кейін, бала құс тұмауын жұқтырғаны белгілі болған.
Нью-Делидегі барлық AIIMS қызметкері алдын алу шарасы ретінде карантинге алынды. Қазір мамандар қайтыс болған баламен байланыста болған адамдарды іздестіріп жатыр.
Басылым мәліметінше, Үндістанның Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары бұл оқиғаға алаңдаушылық танытып отыр. Елде 15 жыл бойы құс тұмауының өршуі бірнеше рет байқалған. Алайда өлім жағдайы алғаш рет тіркеліп отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, құс тұмауымен ауыратын адамдар сирек кездеседі. Бірақ ауруды жұқтырса, өлім деңгейі 60 пайызға жетеді.
Бұған дейін Қытайда құс тұмауы вирусының H10N3 штамын жұқтырған әлемдегі алғашқы жағдайы анықталды.
H10N3 штамы алғаш рет Гонконгта 1979 жылы, содан кейін Таиландтағы құстар нарығында 2011 жылы анықталды.
22 шілде 2021 ж. 461 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031