Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Браконьерлер екі айда мемлекетке 2,3 млрд теңге залал келтірді

Браконьерлер екі айда мемлекетке 2,3 млрд теңге залал келтірді

Фото: ҰҚК Шекара қызметі
ҰҚК Шекара қызметі осы жылдың 1 сәуірінен 31 мамырына дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында оларға іргелес жатқан аумақтық суларда Каспий теңізінде «Бекіре-2024» балық қорғау акциясын өткізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Акция нәтижесінде 90 аумақтық және ішкі су режимін, 72 шекаралық режимді бұзушылар және 69 жүзу құралдары ұсталды.

Көптеген браконьерлік аулау құралдары, оның ішінде 263 км-ден астам торлар мен 20 мың ілмектер тәркіленді.

Табиғи мекендеу ортасына 1 085 бекіре тұқымдас балық (салмағы 5 536 кг), 65 474 ұсақ тұқымдас балық (салмағы 52 571 кг), сондай-ақ 67 итбалық жіберілді.

«Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден асты.

Қазақстанның 3 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық істер қозғалды.

Мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланады», – делінген хабарламада.
08 маусым 2024 ж. 179 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031