Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз балық аулағандарға 7,5 миллион теңге айыппұл салынды

Заңсыз балық аулағандарға 7,5 миллион теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Бәйкенов айтты.

«Каспий маңындағы үш облыстың аумағында жыл сайынғы заңсыз балық аулаудың жолын кесуге арналған акция барысында – 471, оның ішінде 318 – заңсыз аулау, 21 – балық өнімдерін тасымалдау, 30 сатып алу немесе өткізу бойынша заңсыз деректер анықталды. 385 құқық бұзушы ұсталды. Заңсыз айналымда 18,6 тонна, оның ішінде 1,6 тонна бекіре тұқымдас балық және 1 келі уылдырық тәркіленді», – деді басқарма басшысы.

Жасұлан Бәйкеновтің айтуынша, 54 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген.

«Заңсыз жолмен келген мүлікті сатып алу немесе өткізудің 11 дерегі анықталды. Бұл ретте 11 қылмыстық іс сотқа жолданды. Сонымен қатар 410 адам әкімшілік құқық бұзуға тартылып, 7,5 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Мұндай іс-шараны тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. Тұрғындарды заңсыз балық ауламауға шақырамыз», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Бәйкенов.

17 маусым 2022 ж. 422 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930