Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды

Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды

Түркістан облысында полицейлер табиғатқа залал келтірудің 31 әкімшілік құқық бұзушылығы мен екі экологиялық қылмысын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыс аумағында табиғат қорғау заңнамаларын бұзуды анықтау, алдын алу жұмыстарын жандандыру мақсатында арнайы екі мобильдік топ құрылды. Олар облыс аумағына іссапарларға шығып, мүдделі мекеме қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырды. Осы жұмыстар нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін екі қылмыс, 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 200 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Заңсыз балық аулау бойынша екі қылмысты атап өтсек: Оның бірінде Сырдария өзенінде үрмелі қайықпен, заңмен тыйым салынған электр тоғын пайдаланып, балық аулап отырған жерінен екі ер адам ұсталды. Құқық бұзушылардан балық аулауға арналған құралдармен қатар, 94 келіден астам сазан балығы тәркіленді. Сондай-ақ күдікті азаматтар мақтааралдық тұрғындар болып шықты. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді.
Екінші жайтта Шардара су қоймасында ау-тор пайдаланып, темір қайықпен заңсыз балық аулаушылар ұсталды. Олардан айғақты зат ретінде 200 келіге жуық балықтар тәркіленді. Құқық бұзушылар Шардара АПБ-ға жеткізілді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабымен тіркеуге алынды.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы заң аясында жауапқа тартылуға әкеп соғатынын еске салды.


12 сәуір 2021 ж. 2 359 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 202

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 171

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930