Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза су айдындары» акциясы: Су қоймалары тазартылды

«Таза су айдындары» акциясы: Су қоймалары тазартылды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті бүгін Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында «Таза табиғат» жобасын іске асыру аясында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын өткізді.
Акция балық шаруашылығы су айдындарын тасталған (иесіз) балық аулау желілерінен тазарту және су айдындарының жағалау аумақтарын қатты тұрмыстық қалдықтардан жинау мақсатында өткізіледі.
Су қоймаларын тазарту бойынша өткізілген акцияның нәтижесінде аталған облыстар бойынша су қоймаларынан 23,7 км астам иесіз желілер алынды, 23 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Сондай-ақ акцияға 70-ке жуық мемлекеттік инспектор және 781 адам (балық шаруашылығы субъектілері, қорықшылар және еріктілер) қатысты.
50-ден астам жүзу құралдары, 83 автокөлік және басқа да көлік құралдары жұмылдырылды.
Су қоймаларын иесіз балық аулау желілерінен тазарту және жағалау аумақтарын тазарту бойынша тұрақты жүргізілетін акциялар балық ресурстары мен басқа да су жануарларының тіршілік ету ортасында қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін болады.
Ел азаматтарын қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін су биологиялық ресурстарының табиғатына, сақталуына және ұтымды пайдаланылуына ұқыпты қарауға шақырамыз.


22 наурыз 2021 ж. 3 063 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031