Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағала – шаттық мекені

Шағала – шаттық мекені


Тоғыз ай тынымсыз білім алған мектеп оқушылары үшін жаз мезгілі – үлкен мереке. Неге десеңіз, мыңдаған шәкірт үш ай жазда Қазалының шаттық мекеніне айналған «Шағала» балалар лагерінде демалып, жаңа достар табады. Түрлі үйірме, ойындарға қатысып, демалысын көңілді әрі пайдалы өткізеді. Бүгін көптен күткен мереке — лагердің маусымдық ашылу салтанаты өтті.
Талай жерлесіміз үшін балалық шақтың мекеніне айналған ауқымды шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағамбет қатысты. 40 мыңнан астам желек құшағында тынығушылар «Қошқар мен теке» қойылымын көрсетіп, ақиық ақын М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін әуелете шырқады.
Осыдан кейін аудан басшысы Мейрамбек Зейнабдинұлы жазғы тынығу лагерінің алғашқы қатысушыларына көтеріңкі көңіл күй, қызыққа толы демалыс тіледі.
— Құрметті балақайлар, қадірлі жас достар. Балалардың мүмкіндігін ашып, жаңа орта, жаңа достардың басын қосатын, жаздыгүні қызықты демалыспен қамтамасыз ететін лагердің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.
Жаз бойы мұнда мыңға жуық бала тынығатынын ескерсек, мемлекет елдің болашағы – сіздер үшін бар жақсыдан аянып қалмайды. Осындай керемет демалыс орынын ұйымдастыруға жұмыла кіріскен аудандық білім бөлімінің басшысы мен білім саласы қызметкерлеріне сіздер мен біздердің атымыздан риясыз ризашылығымды білдіремін. Демалыстарыңыз сәтті өтсін! – деді аудан әкімі М. Шермағамбетов.
«Шағаланың» шырағы жағылып, салтанатты түрде ашылғаннан кейін Нұртай Есенұлының орындауында «Қазалы ұраны» шырқалып, тынығушы қыздар «Қара жорғаға» биледі. Ізін ала Бибінұр, Қарақат, Нұрдәулет Ізбергендер «Атам-әжем» әнін нақышына келтіріп орындап, жас әнші Мәдияр Әскербай жастар арасында танымалдылыққа ие «Бір досым бар» әнін шырқады. Салтанатты шара соңы балалар биіне ұласты.
Осылайша ашық аспан, жасыл желек арасында орналасқан «Шағала» лагері балаларға құшағын айқара ашты.
#Қазалыақпарат
#Қазалыбілім
#лагер
07 маусым 2024 ж. 280 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031