Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шағала" жазғы тынығу лагері өз жұмысын бастады

"Шағала" жазғы тынығу лагері өз жұмысын бастады


Биыл Қазалы қаласындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы жылдағы дәстүрге сай өз жұмысын бастады.
Бүгін демалыс лагерінің жазғы маусымының ашылу салтанатына аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, өнерлі жеткіншектердің концерттік бағдарламасын тамашалады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдірді.
Қазіргі таңда тынығу лагерінде 125 оқушы демалуда. Балалар мұнда бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі тиімді өткізуі үшін 8 тәрбиеші еңбек етеді. Сол секілді демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігер мен стоматолог жауап береді.
Айта кетейік, демалыс лагері биыл жылдағы дәстүрге сай жазғы маусымда 7 ауысым ұйымдастырып, әр ауысым бойынша 125 оқушыдан, 900-ге жуық баланы қабылдамақ. Мұнда балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін 13 үйірме жұмыс жасайтын болады.

Аудан басшысы лагердің ашылу салтанатынан кейін демалыс орталығындағы балаларға арналып салынған сахнаны, бассейн, жататын орын мен асхананы аралап көріп, аудандық білім бөлімінің басшысы мен орталық директорына балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды тапсырды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 маусым 2024 ж. 403 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 120

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 123

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930