Тиімді демалыс мекені
Ауданда соңғы қоңырау соғылып, кезекті оқу жылы да аяқталды. Енді балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру қолға алынуда. Жалпы аудан бойынша 1-10 сынып аралығында 15960 оқушы жазғы демалыс шараларына қамтылуға тиісті.
Облыс әкімдігінің «2024-2026 жылдардағы жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтырылуын, демалысын, бос уақытын өткізуге бағытталған іс-шаралар жоспары» басшылыққа алынған. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысына сыртқы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру мен облыс көлемiнде және облыстан тыс лагерьге балаларды жіберу қамтылмақ. Сонымен бірге туристік саяхат, тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастыру және мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерін ашу бағыттары жүзеге асырылатын болады. Жазғы демалыс шараларын ұйымдастыру көздері – міндетті оқу қоры мен демеушілер арқылы және ата-аналар есебінен жүргізіледі.
Сыртқы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру бойынша «Шағала» БСДО биыл 1 маусымынан бастап, өз қызметін бастайды. Жаз бойы 7 ауысымда 875 баланы міндетті оқу қорынан демалдыру жоспарлануда. Жолдама құны 1 балаға – 30 мың теңгені құрайды. Ауысым ұзақтығы 10 күн, балалар 5 мезгіл тамақпен қамтылатын болады. Онда тұрақты түрде 13 үйірме жұмыс істейді. Мұнда оқушылардың уақытын тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында ән, өрнек бишілер, қылқалам, жас дизайнер, көркем сөз, шебер қолдар өнеріне баулиды. Денсаулықты ширату бағытында баскетбол, волейбол, футбол ойнатылып, аққайың үйірмесінде ойлау қабілетін дамыту үшін шахмат, шашка үйретіледі. Сонымен қатар суда жүзу үйірмесінде сымбатты болуға қалыптастырады. Ал роботехника мен өлкетану бойынша балаларды ғылыми жобаларға бейімдейді.
Осы жылы бюджеттен лагерьге – 55 миллион 131 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстары мен шаруашылық шығындарға және кеңсе тауарларына – 761 мың теңге қаралған. Былтыр Шағала БСДО-ға бюджеттен лагерьге – 49 миллион 308 мың теңге ақша аударылған. Ағымдағы жөндеу жұмыстары мен шаруашылық шығындарға және кеңсе тауарларына – 723 мың теңге тағы қарастырылды.
Мектеп жанындағы және қосымша білім беру ұйымдары жанынан күндізгі тынығу лагерлерін ашу бойынша биыл 27 мамыр – 18 маусым аралығында 40 мектепте 6358 оқушы қамтылады деп күтілуде. Мектеп жанындағы тынығу лагерьлері «Шатырлы», «Киіз үй» (ұлттық құндылықтар), «Туристік», «Еңбекке баулу», «Шығармашылық», «Зияткерлік» бағыттары бойынша жұмыс атқарады.
Барлық үлгідегі лагерлерде «Jas Qazag», «Ауыл laif» жобалары (шатырлы лагерлерде), «Kieli Qazagstan» жобасы (танымдық экскурция лагерлерінде), «жазғы кинотайм», «дәстүрлі қоржын», «Ауылым – алтын қазығым» жобасы (ұлттық құндылықтар лагерлерінде), «Қазыналы Қазалы», «Сыр-CAMP» жобалары (танымдық археологиялық лагерлерде), «Tarbie», «Fitness Camp» жобалары (спорттық лагерлерде) жобалар жүзеге асатын болады.
Тамақпен ұйымдастырлатын лагерге – 1347 оқушы, тамақсыз ұйымдастырылатын лагерге – 5011 оқушы қатысады. Сонымен қатар аудан, қала, және ауыл мектептерінде де жазғы демалыстар ұйымдастырылады. Зияткерлік бойынша Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы мектептері құзырына алды. Шығармашылыққа баулу мүмкіндігіне Оқушылар үйі 200 оқушы және Қорқыт ата атындағы өнер мектебі 150 оқушыны қамтуы тиіс.
Биылғы маусымда Шымкент қаласындағы “Таңнұры” және Алматы қаласындағы “Арман дала”, “Праус”, “Тау-Жаңашар” лагерлеріне ата-аналар мен демеушілер және инвесторлар есебінен аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 60 бала демалатын болады. Білім саласы кәсіподақ ұйымы арқылы педгогтардың 100 баласын жіберу жоспарлануда.
Сондай-ақ «Қазақстан қоры» арқылы Түркістан облысы, Төле би ауданы, «Қуаныш» лагерьіне 100 оқушыны жіберу көзделуде. Танымдық экскурсияларға – 1973 бала, тарихи экскурсияларға аудандық, облыстық музейге – 987, «Қорқыт ата» кешеніне – 468, Түркістан қаласына – 146, жабық бассейндермен тағы басқа да жерлерге – 372 бала апару жұмыстары жүргізілмек.
Көркейту-көгалдандыруға байланысты, яғни гүл егу мен талдардың түбін әктеу және тазалық жұмыстарына – 1800 оқушы, тұрғын үй ауласындағы ойын алаңдарына – 4694 бала тартылады.
Жалпы алғанда 1-10 сынып аралығындағы 15960 баланың барлығы жазғы демалыс шараларына қамтылады деп жоспарлануда.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА