Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала қауіпсіздігіне қырағылық қажет

Бала қауіпсіздігіне қырағылық қажет

Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейде ата-аналардың аудандық жиналысы өтті. Онда балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысында құқық бұзушылықтың алдын алу, өрт, су қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Жиынға аудандық прокуратура қызмет­керлері, білім бөлімінің мамандары, 7-11 сынып аралығы бойынша ата-ана комитетінің төрағалары, мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, психологтар, сынып жетекшілері қатысты. Жиналыстың күн тәртібіндегі балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру туралы білім бөлімінің бас маманы Кенжетай Шамшадинов мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл «Шағала» лагерінде балалар 7 ауысымға бөлініп демалады. Жазғы каникул кезінде онда 23 қызметкер еңбек етеді. Аудан әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес лагерьде бала дәрігері, медбике және тіс дәрігері жұмыс атқаратын болады. Дем­алыс орталығының жазғы кезеңге дайындығын аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жүйелі қада­ғалайды. Лагерь 1 маусым күні балаларды қабылдамақ.
Білім беру ұйымдарының мәліметінше, аудан бойынша 1-10 сынып аралығында 14 140 оқушы бар. Оның 10 737-сі яғни 76 проценті жазғы демалыспен, сауықтырулармен және еңбекпен қамтылады деп жоспарлануда. Жазғы кезеңде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 30 әмбебап жасанды алаң, 2 стадион, спорт кешені жұмыс істейді. Спорттық шараларға 2900-ге жуық бала тартылады.
Бұдан кейін полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы Жасұлан Күй­лешев, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге қатысты құқық-бұзу­шы­лықтың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысындағы жол қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Серікбол Ізімов балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысында өрт қауіпсіздігі, су айдынындағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, білім бөлімінің әдіскері Надира Аманкелдіқызы жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы мен бала тәрбиесін қалыптас­тырудағы ата-ананың рөлі жөнінде баяндама жасады.
Жиында аудан прокурорының көмек­шісі Бағлан Аймағамбетов, №266 мектеп-лицей жанындағы ата-аналар комитетінің төрағасы Ашықбай Тоғымов күн тәрті­біндегі көтеріліп отырған мәселеге байланысты толғамды ой-пікірлерін ортаға салды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
25 мамыр 2019 ж. 1 799 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930