Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарих. тағдыр. тағылым

Тарих. тағдыр. тағылым

Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудан әкімдігі мен Қорқыт Ата университетімен бірлесе ұйымдастырылған «Тарих. Тағдыр. Тағылым» атты тарихи-танымдық конференция өтті.

Конференцияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы ғалымдары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі аудандық жұмысшы топ мүшелері, тарихшы ұстаздар мен жастар қатысты.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов ашып, егемен еліміздің тағдырындағы ең бір қасіретті кезеңді еске алатын ерекше күн жайында айтып өтті.
– «Алтайдан Атырауға дейінгі атырапты алып жатқан кең байтақ жердің иесі болған халқымыздың басынан талай қасіретті жылдар өтсе де дәл осындай ауыр да азаптысы болмаған шығар. Бұл – ешқашан ұмытуға болмайтын ұлттың ұлы қасіреті!
ХХ ғасырда отаршыл жүйенің озбырлығын көрген халқымыз екі бірдей алапат ашаршылықты басынан кешті. Саяси қуғын-сүргіннің азабын тартып, 30-ыншы жылдары орасан зор нәубетке ұшырады. Қатыгез жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де аяған жоқ.
Сол зұлмат біздің аймағымызды да айналып өткен жоқ. Қазалылықтар арасында кезінде білім бөлімін басқарған Н.Баубеков, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы болған Қ.Күлетов сияқты 400-ге жуық жерлестеріміз қуғын-сүргін құрбаны болды. Кейін олардың барлығыда ақталды», – деді өз сөзінде Дәурен Оңғарбайұлы.
Мұнан соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы «ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Сыр бойында болған көтерілістер ақиқаты», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, «Тарих және археология» білім бағдарламасының аға оқытушысы, тарих магистрі Жұмаділдаев Мәулен Мұратбекұлы «Қазақ байларын тәркілеу шаралары (Қызылорда өлкесі мысалында)» тақырыптарында баяндама жасады.
Сондай-ақ Қазалы ауданы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі аудандық жұмысшы топ мүшесі Қадірбек Бекетов, ел басынан өткен ең бір қасіретті күндер жайында сөз қозғады.
Жиын соңында Дәурен Оңғарбайұлы тарихи өтпелі кезеңде ел-халықтың азаттығы жолында жазықсыз жапа шеккен, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған ата-бабаларымызды жадымыздан шығармау перзенттік парызымыз, азаматтық борышымыз екенін айтып, конференцияны қорытындылады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
01 маусым 2024 ж. 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031