Кітап көрмесі ұйымдастырылды

Көрменің мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Кітап көрмесіндегі басылымдарда халқымыздың тарихындағы ең қасіретті жылдар – XX ғасырдың басындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін кезеңі баяндалады.
Көрмеде саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдырын баяндайтын фотосуреттер, құжаттар, кітаптар, журналдар, газеттер жинақтары ұсынылған. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.
Шындық үшін шыбын жаны шырылдап, елінің, жерінің азаттығы жолында күрескен Алаш қайраткерлеріне бас иіп, тағзым етеміз!
Айта кетейік, көрмеге аудандық мәслихат депутаттары Н.Жалғасбаев,Е.Табынбай және «Өнерпаз» БПҰ төрағасы С.Бабанаев қатысты.
#AMANAT