Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған тарихи-танымдық шара өтті

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған тарихи-танымдық шара өтті

Бүгін Қазалыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Жазықсыз жапа шеккендер» атты тарихи-танымдық шара өтті.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде ұйымдастырылған шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов ашып, Кеңес Одағы тұсындағы солақай саясатқа қарсы елі үшін күрескен боздақтардың арасында біздің жерлестеріміз де бар екенін айтты.
– Сол зұлмат біздің аймағымызды да айналып өткен жоқ. Қазалылықтар арасында кезінде білім бөлімін басқарған Нұржан Баубеков, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы болған Қазмұхамед Күлетов сияқты 400-ге жуық жерлестеріміз қуғын-сүргін құрбаны болды. Кейін олардың барлығы да ақталды.

Кезінде қуғын-сүргінге түскен шешен, кәріс, Орал казактары мен басқа да ұлт өкілдері Қазалы жеріне қоныс аударды. Оларға қонақжай халқымыз қамқорлығын көрсетті. Бүгінде өсіп-өнген, ұрпақ жайған олар бір-бірімен құда-жекжат болып, ауданымызда тату-тәтті өмір сүріп жатыр, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.


Мұнан соң №234 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Мейрамбек Дәкібаев «Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдарында (1918-1921 ж.ж.) «Ақ келіп атып кетті, қызыл келіп қырып кетті», №226 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Асқар Олжакеш «1928-1938 жылдардағы күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргін жаңғырығына арналған «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» тақырыптарында баяндама жасаса, ардагер-ұстаз Қадірбек Бекетұлы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық зардаптары мен тарихи ақтаңдақтардың негізгі кезеңдеріне тоқталды.

Сондай-ақ, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев, сол бір зобалаң жылдарда жазықсыз құрбан болған асыл азаматтарымыздың көзін көрген Оразғали Бекбанов пен саяси қуғын-сүргін құрбандарының артында қалған ұрпақтары Күлмараш Өтепберген мен Мафруза Текеевалар да естеліктерімен бөлісті.
#Қазалы
31 мамыр 2022 ж. 428 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031