Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жергілікті қоғамдастық жиыны өтті

Жергілікті қоғамдастық жиыны өтті



Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» туралы Заңының 39-3 бабына сәйкес, Әйтеке би кентіндегі Оқушылар Үйі ғимаратында жергілікті қоғамдастық жиыны өтті. Қоғамдастық жиналысының күн тәртібінде Әйтеке би кентін көркейту-абаттандыру және Әйтеке би кенті бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесі қаралды. 
Сонымен қатар, Әйтеке би кенті тұрғындарының көтеріп жүрген мәселелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін салалық мекеме басшыларының қатысуымен өткізілетін «Ашық есік күні» акциясы да осы күні ұйымдастырылып, кент тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын, яғни ауыз су, жол, түнгі жарықшамдар, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу, газ, т.б мәселелерін мекеме басшыларына жолдап, тұщымды жауаптар алды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 

05 желтоқсан 2017 ж. 1 844 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды