Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

3 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады
3 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото:
© istockphoto.com
Қазақстан аумағында алдағы дүйсенбі күні ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Синоптиктердің мәліметінше, 3 қараша күні республиканың көп өңірінде жаңбыр мен қар жауады, ал елдің солтүстігінде күшті жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі.
Тек батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз өтеді.

Көктайғақ пен тұман болуы мүмкін

Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Сондай-ақ солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақбайқалады.
Мамандар жолда абай болуға және көлік жүргізу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Өрт қаупі жоғары өңірлер

Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының кейбір аймақтарында өрт қаупі жоғары.
«3 қараша күні Жамбыл облысының шығысында, Алматы облысының батысында және Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Қызылорда мен Түркістан облыстарының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ Жамбыл мен Алматының солтүстігінде ерекше өрт қаупі күтіледі», – делінген синоптиктер хабарламасында.

Синоптиктер кеңесі

«Қазгидромет» мамандары тұрғындарға ауа райы күрт өзгерісіне дайын болуды, жылы киініп, ұзақ сапарларды кейінге қалдыруды ұсынады.



02 қараша 2025 ж. 275 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930