Аймақтық халықтық театрлар байқауы өтті
Аудан әкімінің қолдауымен Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен сахнагер, режиссер, қылқалам шебері Жәдігер Тұрсыновтың 85 жылдығына арналған Қызылорда облысы бойынша Қармақшы, Қазалы, Арал аудандары арасында аймақтық халықтық театрлар байқауы өткізілді.
Қазалы ауданының театрының қалыптасуына, өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан, жүздеген сахна шеберлерін дайындап шығарған Қазалы ауданының мәдениетінің өркендеуіне ерекше еңбегі сіңген Жәдігер Тұрсыновтың еңбек жолын насихаттау мақсатында аудандық мәдениет орталығында көрме ұйымдастырылды. Көрермен қауым көрме жұмыстарымен танысты. Шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Әбенұлы құттықтау сөз сөйлеп ашып берді. Сонымен қатар шараның арнайы қонақтары Жәдігер ағамыздың отбасы мүшелері қыздары келіп құттықтау сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді.
Байқауға 5 халықтық атағы бар театрлар қатысты. Атап айтар болсақ, Қармақшы аудандық мәдениет Үйінің Ш.Төлепова атындағы халық театры Қ.Мұхамеджановтың «Менің дертім» драмасын, Арал аудандық мәдениет Үйі жанындағы халық театры- Т.Әбдіқұлұлының желісі бойынша жазылған драматург Н.Баймаханның «Оң қол» мистикалық драмасын, Қазалы ауданынан Ж.Тұрсынов атындағы халықтық театры-Ә.Оспановтың «Наркескен» трилогиясы желісі бойынша жазылған Б.Жолтаевтың «Үміт пен Өкініш» спектаклін, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйінің халықтық театры-Ж.Мусаевтың «Ар мен Азап» пьесасын, Қазалы қалалық мәдениет Үйінің халықтық театры-О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» музыкалық моноспектаклін көрерменге ұсынды.
Байқаудың қазылар алқасы мәдениет саласының ардагерлері, театр ойыншылары болған К.Мақсатбаевтың, Б.Құрманбайдың және қазылар алқасының кеңесшісі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Жолтаевтың шешімдері бойынша –
ІІІ орын-Қазалы қалалық мәдениет Үйінің халық театры, қоюшы режиссері-А.Әлжан
ІІІ орын-Қармақшы ауданы, Ш.Төлепова атындағы халық театры, қоюшы режиссері-М.Махамбетұлы
ІІ орын – Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйінің халықтық театры, қоюшы режиссері-Б.Макеев
І орын – Арал ауданы, Арал аудандық мәдениет Үйінің халық театры, қоюшы режиссері-Д.Кеңес
Байқаудың бас жүлдесін Қазалы ауданы Ж.Тұрсынов атындағы халықтық театры иеленді, қоюшы режиссері-Г.Досан
Байқау жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар табысталды.
Шара соңында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жолтаев Болат Әбенұлы қортынды сөз сөйлеп, байқауға Жәдігер Тұрсыновтың отбасы демеушілік жасап арнайы номинациялармен қаржылай сыйлықтарын табыстап, шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
«ҮЗДІК РЕЖИССЕР» номинациясы-Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйінің халықтық театрының режиссері-Макеев Бақытбек;
«ҮЗДІК ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ» номинациясы-Қармақшы ауданының халық театрының ойыншысы-Шакарова Гүлфариза;
«ҮЗДІК ЕР АДАМ БЕЙНЕСІ» номинациясы-Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанындағы халықтық театрының режиссері-Әлжан Арнұр;
«ҮЗДІК ДЕКОРАЦИЯ» номинациясымен-Арал аудандық халық театрының суретшісі Дана Жоламанова;
«ҮЗДІК ЖАС ОЙЫНШЫ» номинациясымен-Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйінің халықтық театр ойыншысы-Сәрсенғали Арайлым;
«КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» номинациясымен-Қазалы ауданы, Ж.Тұрсынов атындағы халықтық театрының ойыншысы Қойшыбаев Қанат;
«ЖӘДІГЕР ТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ» - Қазалы ауданы, Ж.Тұрсынов атындағы халықтық театрына табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат