Жеңіс батырларына арналған дәстүрлі жүгіру жарысы

Старт топтамасында футболка мен мәреге жеткендерге берілетін медаль бар.
Жарысқа тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз:
https://globalsport.kz/abyroirun
Старт топтамасын 25 мамыр (сенбі) сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін мына мекенжайдан алуға болады: Сығанақ, 45 (Пекин Палас ғимараты, кіреберіс оң жақтан)
Сондай-ақ, әрбір адам Жеңіс батырларына құрмет көрсетіп, 2 шақырымды жүгіріп өте алады. Бұл қашықтыққа тіркелудің қажеті жоқ
Бұған бөлек Сіздерді ұлттық спорт ойындары, қызықты концерт, конкурстар, балалар аниматорлары күтеді. Ойын-сауық бағдарламасы сағат 10:00-де басталады.
Фестивальді ұйымдастырушы – «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі – Қазақстандағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған және хабарсыз кеткен қазақ жауынгерлерін жүйелі түрде іздестірумен және қайта жерлеумен айналысатын жалғыз ұйым.
Бізді қолдағандар: Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі , Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі. Бас серіктес – «Родина» агрофирмасы. Ақпараттық серіктес – «Хабар» Агенттігі» АҚ.
Біздің инстаграм парақшамыз: https://www.instagram.com/ata.amanaty?igsh=MW5yZnRpcHlobWtpMA==
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: +7 775 171 33 77