Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік тұғыры берік

Тәуелсіздік тұғыры берік

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін адамзат тарихына өшпес сызат қалдырған екінші дүниежүзілік соғыс дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына 79 жыл толды. Бірақ, сол сұрапыл жылдардың естеліктері жадымыздан өшкен жоқ, қайта жыл өткен сайын ұрпақтан ұрпаққа, жүректен жүрекке жетіп, жадымызда жаңғыра түсуде.
Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің нәтижесі, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де Ұлы Жеңістің жемісі.
Біз бейбіт өміріміз бен бостандығымыз үшін күрескен ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың, аталарымыз бен бабаларымыздың алдында басымызды иеміз.
Қазалы ауданынан да Ұлы Отан соғысына 11 мыңға жуық адам аттанып, оның тек 6 мыңы ғана туған жерге оралды.
Майданда өліммен бетпе-бет келіп, жеңіске жеткен, тылда күн-түн демей еңбек етіп, соғыс ауыртпалығын бөліскен сол бір аяулы жандар қатары, өкінішке қарай, уақыт өткен сайын азайып барады.
Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктердің бағасын біліп, оны еселей түсу – біздің басты міндетіміз.
Ардақты ағайын!
Халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас жігерінің үлгісі болған Ұлы Жеңістуы мәңгі желбіреп, еліміздің даңқы арта берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін!
М.Шермағанбет,
Қазалы ауданы әкімі 


09 мамыр 2024 ж. 400 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031