Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 мамыр – Жеңіс күні

9 мамыр – Жеңіс күні

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл тарихта таңбаланып аты қалған Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 78 жыл толды.
Бар әлемді дүр сілкіндіріп, жер ананы қанға бояп, асыл аналардың көзінің жасын құрғатпай, ананы баладан, баланы әкеден, қыз-келіншектерді аяулы жары мен сүйіктісінен айырған сұм соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, бүгінгі ұрпақ оның мән-маңызын жете түсінеді. Өйткені, бізге дәл қазіргі тыныштық пен бейбіт өмір оңай келген жоқ.
Біз бейбіт өміріміз бен бостандығымыз үшін күрескен ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың, аталарымыз бен бабаларымыздың алдында басымызды иеміз.
Майданда өліммен бетпе-бет келіп, жеңіске жеткен, тылда күн-түн демей еңбек етіп, соғыс ауыртпалығын бөліскен сол бір аяулы жандар қатары, өкінішке қарай, уақыт өткен сайын азайып барады. Бұл күнде отты жылдардың куәгері болған Қабақ Смағұл мен Тілеуберген Тобабергенов ғана қалды.
Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктердің бағасын біліп, оны еселей түсу – біздің басты міндетіміз.
Ардақты ағайын!
Халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ерен үлгісі болған Жеңістің 78 жылдығы тағы да құтты болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаев
09 мамыр 2023 ж. 1 308 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 108

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 106

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 104

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 93

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930