Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі аудан тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

Аудан әкімі аудан тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Қымбатты қазалылықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 76 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.
Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Біздің парызымыз – бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету.
Қадірлі ардагерлер!
Сіздердің және ерлігімен есімдері тарих парағына жазылған батыр бабалардың алдында өлшеусіз қарыздармыз. Майдан даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз.
Айтулы мерекеде отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Мұрат Ергешбаев,
Қазалы ауданының әкімі
09 мамыр 2021 ж. 541 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930