Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

ҚР-ның «Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес 3 қыркүйек күні Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізіліп, ауыл халқы өз таңдауын жасады.
Дауыс беру нәтижесінде сайлаушылардың 306 дауысын алған, “Amanat” партиясынан ұсынылған кандидат Өтеп-әлі Өміртай Жалғасұлы Бірлік ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш Бірлік ауылдық округіне арнайы барып, Өміртай Жалғасұлының қызметіне сәттілік тіледі.
Мұнан соң аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбай Өміртай Жалғасұлына ресми түрде әкім куәлігін табыс етті.
Жиында ауыл ақсақалдары бұған дейін елді мекеннің әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп келген азаматтың алдағы жұмыстарына лебізін білдіріп, батасын берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
05 қыркүйек 2023 ж. 505 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 18

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 19

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 18

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 20

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031