Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәкен ауылдық округінің әкімі сайланды

Шәкен ауылдық округінің әкімі сайланды

ҚР-ның «Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес, 6 тамыз күні Шәкен ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізіліп, ауыл халқы өз таңдауын жасады. Сайлаудың қорытындысы бойынша «Аmаnаt» партиясынан ұсынылған кандидат Берекет Сәрсенбаев басым дауысқа ие болып, Шәкен ауылдық округінің әкімі ретінде сайланды.
Сәрсенбаев Берекет Жұбанышбайұлы - 1981 жылы 13 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақазалы қыстағында дүниеге келген.
1998-2003 жылдары Әулие Ата атындағы университеттен Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алып шыққан.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазалы ауданы, Шәкен ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып бастаған.
2010 жылы ҚР Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің Қазалы ауданы бойынша уәкілетті мемлекеттік экологиялық инспекторы, бас маманы;
2013-2015 жылдары ҚР Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің Қармақшы ауданы және Байқоңыр аймағы бойынша мемлекеттік экология инспекторы;
2015-2016 жылдың қараша айына дейін ҚР Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің мемлекеттік экологиялық инспекторы;
2016 жылдың қараша айынан 2022 жылдың 5 қазанына дейін ҚР энергетика министрлігінің Мұнай газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Оңтүстік өңіраралық басқармасының бас маманы болып қызмет жасаған.
2022 жылдың 5 қазанынан бастап Қызылорда облысы, Қазалы ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің Ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
09 тамыз 2023 ж. 483 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 146

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 163

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031