Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы: Арықбалық ауылының әкімі сайланды

Қазалы: Арықбалық ауылының әкімі сайланды

ҚР-ның «Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес 16 сәуірде Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізіліп, ауыл халқы өз таңдауын жасады. Сайлаудың қорытындысы бойынша «Аmаnаt» партиясынан ұсынылған кандидат Мәулен Қайруллаев басым дауысқа ие болып, Арықбалық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Жарылқап Арықбалық ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен бірге Мәулен Мінәжадинұлының қызметіне сәттілік тіледі.
«Басты мақсат - халықтың әл-ауқатын арттыру, ауыл өмірін жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстарды лайықты деңгейде атқару. Ауыл халқы өзіңізге сенім артып, сайлауда дауыс берді. Сондықтан округ тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларын дамытуды, елді мекендегі әлеуметтік-саяси ахуалын тұрақты ұстауды, салалық мекемелермен тікелей байланыста болып, мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген міндеттерді жүйелі атқарып, тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды тапсырамын. Жұмысыңызға табыс, қызметіңізге сәттілік тілеймін», – деді аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы.
Мұнан соң сөз алған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбай Мәулен Мінәжадинұлына ресми түрде әкім куәлігін табыс етті.
Ауыл тұрғыны Думан Жаңабайұлы сөз сөйлеп, бұған дейін елді мекеннің әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп келген азаматтың алдағы қызметіне сәттілік тілесе, ауыл ақсақалдары батасын берді.
18 сәуір 2023 ж. 263 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 83

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 128

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031