Қолөнер – өшпес құндылық

- Бұл қолөнерге 6 жасымнан бастап қызықтым. Ол кез қиын-қыстау заман болғаннан кейін ба, анамыз түйе жүнін тоқуды, сол арқылы нәпақа табуды үйретті. Қазақ айтады ғой, әкеге көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер деп. Жүнді иіру, түту, тоқу 6 жасар маған оңайға соққан жоқ. Сол қызығушылық мені сурет салуға да бейімдеді. Осы тірлігімді түзеп жүргенімді көріп, барлығы “қалай бәріне үлгересіз” деп айтатын. Осы қолдан келген дүниені кәсіпке айналдырдым. Аңсары ауып келген адамның бәріне қолайлы бағада беріп жіберемін. Өзімнің қызымды да осы қолөнерге баулыдым. Қазір үйдегілерге түрлі нәрселер тігіп беруде. Бір қызды тәрбиелесек, ол ұлттың үлкен мәртебесі,- деді Раушан Орынтайқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі