Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еркеңізге ерекше сыйлық

Еркеңізге ерекше сыйлық

Жалаңтөс ауылының тумасы Нәбира Баркова бала күнінен қолөнерге бейім болып өсті. Ол түрлі бұйымдардан тың дүние ойлап табуды жақсы көреді. Талғамы да ерекше. Көп адамның ойына келе бермейтін заттарды дайындау – Нәбираның хоббиі.

Нәбира ауылындағы №103 Қ.Пірімов атындағы орта мектепті бітірген соң Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы университетке грант негізінде оқуға түсті. «Қайта өңдеу өнімдерінің технологиясы» мамандығын меңгерді. 2020 жылы жас маман «РЗА» күріш заводында лобарант қызметіне орналасты.
Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан жас ана алғашында интернет арқылы резинарт (смоламен жұмыс) туындыларын жасады. Әсіресе сағат картина мен ыдыстарға деген қызығушылығы басым болды.
Үнемі ізденіс үстінде жүретін Нәбираға бір күні «жаңа, тың туынды жасасам» деген ой келеді.
– Қазір интернеттің заманы. Оны тек дұрыс бағытта пайдалана білу керек. Копильник жасауға қатты қызықтым. Бірақ алғашқы сәтсіздіктен кейін копильникті бастауға оқтала алмай жүрдім. Қызығып жүргенімді жолдасым байқап қолдау көрсетті. Сонымен курсын сатып алып, сабаққа қатысып, жұртпен жарысып жасай бастадым. Жасаған жұмысымды отбасы мүшелері көріп, батасын берді. Енді табыс көзіне айналдырсам деген ниеттемін», – дейді Нәбира Баркова.
Оның айтуынша, копильникті жасауға көп уақыт кетпейді. Тіпті балалардың ойлау қабілетін арттыруға пайдасы көп көрінеді.
– Бірінші копилька раскраска. Ол енді өсіп келе жатқан балаға бағыт-бағдар береді. Саусақ икемділігін арттырады, қалам ұстауға дағдыланады. Түстерді танып, ажырата бастайтын болады. Мысалы көзі қара түсті болады дегендей. Мүсінді қалаған түсіне бояй алады. Баланың зейінін арттырады және ақша жинауды үйренеді, – дейді Нәбира.
Бүгінде копильникті алушылар қатары артып келеді. Солардың бірі – Жазира Ислам. Ол үш баланың анасы. Балабақша жасындағы екі баласына алып беріпті.
– Алғаш рет инстаграм желісінде көрдім. Өзім қатты қызықтым. Сөйтіп балаларыма алып беруді жөн санадым. Жуырда біреуін алтын түске бояп, жиенімнің туған күніне сыйлық ретінде берген едік. Өте ерекше әрі пайдалы сый болды деп ата-анасы қуанып қалды, – дейді ол.
Бағасы қалтаға қонымды бұл тиын жинағыштарды кәдесый ретінде қонақтарға тарту етуге де болады. Көздің жауын алатын түрлі пішіндегі шағын мүсіндер үйіңізді әсемдеудегі әшекей рөлін де атқара алады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
11 қазан 2022 ж. 223 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 59

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 38

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 64

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031