Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәстүрлі кәсіпті дамытқан

Дәстүрлі кәсіпті дамытқан

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай бағалы бұйымдар жасау болып саналады. Құрақтан істелген заттың ұзатылатын қыз жасауына еніп, дүние-мүліктің ажарын келтіріп жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататын құндылығының бір айғағы.
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпeден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден дәлелдеп келеді. Зердесінде зейіні бар жанның қай-қайсы да құрақтан жасалған бұйымға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тaуып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғарады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ түсінесің. Осындай ұлттық нақыштағы керемет өнерді кәсіп көзіне айналдырған Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Ақжамал Бегалы көптің алғысына бөленіп отыр. Оның сән-салтанатымен сүйсіндірген бұйымдары тұтынушылардың көңілінен шығады.
– Ақжамалдың дайындаған көрпелері керемет, көздің жауын алады. Құрақтың түр-түрін құрайды. Қолдары дерт көрмесін, кәсібінен береке тапсын, – дейді Ақбұрыш Батимова.
Он саусағынан өнері тамған ісмердің ісіне риза болған тағы бір ауыл тұрғыны Марат Жақсылықов та өз ойын білдірді. Мараттың айтуынша, қазақтың ұлттық дəстүрлі қолөнер бұйымдарын ұмыт қалдырмай жасап жүрген аналардың еңбегінің өрістеуі үшін ауқымды насихат қажет.
Ақжамал Байдуллақызы Қазалы қаласының тумасы. «Шеше көрген тон пішер» дегендей жастайынан анасының қасында тігін тігіп, құрақ құрап үйренген. Есейе келе ұзатылатын қыз жасауына тапсырыс қабылдап, түрлі бұйымдар тіккен. Отбасында бес бала тəрбиелеп отырған ана бүгінде қызы Эльмираға ісмерлік өнердің қыр-сырын үйретуде. Дәстүрлі кəсіпке баулып, ұрпақтан-ұрпаққа берілген тігіншілік қасиетті дарытып, пішіп-тігу жолдарын ұқтырудан жалыққан емес.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 тамыз 2020 ж. 2 406 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 60

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 52

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930