Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шеберлік шыңдалған онкүндік

Шеберлік шыңдалған онкүндік

Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім мен жақсы тәрбие алған шәкірттерінде. Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгере отырып, теория мен практиканы үйлестіріп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілідіп, осының бәрін әдіснамалық тұрғыдан игеруі тиіс.
Жуырда аудандық Оқушылар Үйінде білім мазмұнына сай технология элементтерін қолдана отырып,оқушылардың техникалық үйірмелер бойынша білімдерін тереңдетіп,қызушылықтарын арттыру және логикалық қабілеттерін дамыту мақсатында «ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: ІЗДЕНІС. ИДЕЯ. ШЕБЕРЛІК» тақырыбындатехникалық үйірмелер онкүндігі өткізілді. Онкүндікті техникалық бағыттағы «Авиамодельдеу», «Робототехника», «Бағдарламалау негіздері», «Көлік модельдеу», «Бастауыш техникалық жобалау», «3Д модельдеу» үйірмелері ұйымдастырды. Онкүндіктің ашылуында аспан әлемін бейнелейтін ерекше декарацияны әр үйірме бағытында жасалған макеттер мен модельдер, роботтар, 3Д модельдер көрмесі толықтырды. Оқу –тәрбие жұмысын түрлендіру бағытында ашық сабақтар, ұстаздар арасында тәжірибе алмасу сағаттары, оқушылармен тәрбиелік шаралар, спорттық жарыстар, оқушылар арасында ұйымдастырылған қызықты да көңілді үзілістер - онкүндіктің мазмұнын аша түсті. Атап айтқанда, Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай "Қаһарлы күндердің қаһарман елестері" тақырыбында ауған соғысы ардагерлері Қуаныш Шаңбаев, Болат Теңізбаев, Нұрлан Қоразбаевпен кездесу кеші өткізілді. Кешке қатысушы қонақтар, оқушылар, ұстаздар ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлердің рухына 1 минут үнсіздік жариялап, еске алды. Ардагерлер ел болашағы жастарды патриотизмге, білімді, тәрбиелі болуға шақырды, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ел аманатын арқалап, жастық шақтарының бір бөлігін от пен оқ астында өткізген ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді. өткізілді.
Дебат – пікірсайыс, шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын. Ойыншылар дәлелдер мен фактілерге сүйенеді. Дебат тәртіпке бағынады және дебатта ойыңызды еркін, нақты жеткізе аласыз. Оқушылар Үйінде техникалық үйірмелер онкүндігі барысында қосымша білім педагогтарына арналған "Заманауи мұғалімнің кәсіби шеберлігінде АКТ қолдануы" тақырыбында әдістемелік сабақ, мұғалімдер арасында «Ғаламтор көлеңкесіндегі кітап» тақырыбында дебат өткізілді. Ұстаздар өздерінің өткір ойлы, сөзге шебер екендіктерін пікірсайыс барысында дәлелдеп, сөз саптау деңгейін, ораторлық қабілеттерін көрсете білді. Шараға дебат жетекшісі Жанболат Изжанов төрелік жасады. Сонымен қатар, "Лего құрастыру", "Жанасу датчигі" тақырыбындағы ашық сабақтар, оқушының бойында жақсы көңіл-күй қалыптастыруға арналған "Көңілді балақай" тренингі, оқушылардың балалық шағынан, отбасылық өмірінен, саяхат кезінен қызықты сәттерден «Бақытты балалық шақ» фотокөрмесі, «Қалдықтардан жасалған ғажайып» атты оқушылар арасында қалдық заттардан жасалған бұйымдар көрмесі,"Біз чемпионбыз!"спорттық сайысы өте тартысты ұйымдастырылды.
Жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой таным қабілеттерін дамыту, әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай, уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеуде Оқушылар Үйінде түрлі бағыттағы онкүндік шаралар жалғасуда. Шығармашыл тұлғаны дамыту және қалыптастыруда, оқушының сабақтан бос уақытын тиімді ұйымдастыруда қосымша білім педагогтарының ізденістері мен педагогикалық шеберліктерінің арта түссін демекпін.
Гүлмира ИМАНАЛИЕВА,
Аудандық Оқушылар Үйінің
«Бағдарламалау негіздері» үйірмесінің жетекшісі



23 наурыз 2024 ж. 169 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 40

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 36

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930