Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ораза оқушыға парыз ба?

Ораза оқушыға парыз ба?

Фото: ашық дереккөзден
Рамазан – күллі мұсылман әлемі үшін мүмкіндігі мол, қасиетті де берекелі ай. Рамазан айының тағы бір ерекшелігі – Алла Тағала бұл айда біздің дұғаларымызды қабыл етеді. Жалпы қасиетті айда тек астан тиылып қана қоймай, барлық дене мүшесін жамандық пен зинадан тыйған абзал. Әрине, ең алдымен дұрыс ниеттің болуы маңызды. Жылына бір келетін қасиетті айда үлкені мен кішісі қатар құлшылық қылады. Бұл – жақсылық. Алайда олардың арасында Ораза парызын түсінбейтіндері де бар. Тіпті арықтау үшін немесе қатарынан қалмас үшін ұстайтындардың да қатары аз емес.
Қазіргі уақытта оқушылар арасында да ораза ұстаушылар саны артып жатыр. Ата-анасының қарсылығына қарамай, ораза ұстау қаншалықты дұрыс? Жалпы оразаны неше жастан бастап ұстау керек? Ауызы берік оқушылардың сабақ үлгерімдері қалыпты ма? Мектеп қабырғасындағы балалардың ерте діни сауаттылығын арттыруына ата-аналар мен мұғалімдердің көзқарасы қандай? Ал балиғат жасқа жеткен адамзаттың барлығына ораза парыз дейтін имамның ата-аналарға айтар ойы қандай? Осы сынды сауалдарды талқылап, қоғам өмірінде маңызды орыны бар үш тараптың ойын білген едік.


Алмагүл Алуашова,
мектеп директоры:
– Бұл – ораза келгенде жыл сайын көтерілетін сауал. Иә, кейбірі оқушылардың ораза тұтуына қарсылық білдіріп жатады. Алайда үлкен сыныптағы оқушылардың ораза тұтуына өзім қарсы емеспін. Оған себеп көп. Мәселен, оның денсаулыққа пайдасы мол, адам ашығу арқылы бойындағы түhлі дерттен арылады. Сонымен қатар ораза мейірімді болуға, жауапкершілікке үйретіп, уақытты құр жоғалтпау сынды игі іске бейімдейді.
Балалардың жақсыны үйреніп, жаманнан жиреніп, тыйылуында тұрған ештеңе жоқ. Көше кезіп, көрінгенге еріп, басбұзар болып, бұзақылық жасағаннан гөрі осылай жақсылы жолда жүруі өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізеді.








Задагүл ЖӘДИЕВА,
ата-ана:
– Оқушылардың ораза ұстауына қарсымын. Олар оразаның толық ережелерін білмейді. Себебі тамақтан ғана тыйылу кемеліне жеткен ораза болмайды. Көбіне бойжеткен қыздар арықтау мақсатында да ауыз бекітіп жатады. Бұл ниеттің тазалығы емес.
Тағы бір қарсылығыма түрткі болған себеп – оқушылардың ойлары бөлініп, сабақты өткізіп алулары. Сәресіне ерте тұрған бала сабақ уақытысында ұйқысының бұзылуы себебінен оқуға аса мән бере алмайды, денсаулықтарына да зиян. Олардың қызығушылықтары өте көп. Энергияларын тек оқуға ден қоюға жұмсаса деймін.






Нұрдәулет НӘБИ,
Жанқожа батыр мешітінің бас имамы:
– Ораза – балиғат жасына жеткен, дені сау, азат болған ер мен әйел кісілердің бәріне парыз. Қыз балалар 9 жастан, ал ер бала 12 жастан өтіп балиғат жасына жетеді. Осы кезде ешбір белгі байқалмаған жағдайда, көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша 15 жастан бастап екеуі де өзінен-өзі балиғат жасқа толған болып есептеледі. Мектепте осы кезеңге жетпеген бала ораза тұтамын десе, ата-ана сабағына кедергісі келуі немесе денсаулығың сыр беруі мүмкін деген сынды түсіндірме жұмыстарын жүргізгендері дұрыс.
Азғындық дамыған заманда баланың ораза ұстап, жақсылыққа бет бұрғаны отбасы мен жақындарына, қоғамға пайдасы ғана болмаса ешқандай зияны болмайды. Алдыңғы буынның жасына қарамай ораза ұстағанын көзіміз көріп өсті. Ораза дәстүрімізге сіңіп кеткен амалдардың бірі. Еліміміз зайырлы мемлекет, әрбір тұлғаның өз таңдаулары бар. Бала 18 жасқа дейін ата-ана қарамағында болады. Балада жеткіншек жаста әр нәрсеге қызығушылықтары көп болады. Сол шақта әкесі мен анасы арбаны сындырмай, өгізді өлтірмей, дұрыс мәмле жасап, түсіністікпен қарау керек деп ойлаймын.
Жанна МИХА
16 наурыз 2024 ж. 228 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031