Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДСМ тоқетерін айтты: Қазақстандықтар тісін зейнетақы ақшасына енді емдете алмайды

ДСМ тоқетерін айтты: Қазақстандықтар тісін зейнетақы ақшасына енді емдете алмайды

Министрлік осы мәселедегі негізгі ұстанымын жариялады. 
Фото: freepik
Денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында жариялаған бұйрық жобасы бойынша ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ДСМ стоматологиялық қызметтерге ақы төлеу түріндегі зейнетақы жинақтарын заңсыз шығарудың көптеген фактілеріне байланысты 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізеді.
"Жобада протездеу және тістерді имплантаттау сияқты стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді. Шешім медициналық құжаттарды фальсификациялау және зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланудың көптеген жағдайларына байланысты", - делінген құжат жобасында.
Өтінімдерді талдау қорытындысы азаматтар өз қаражатының бір бөлігін алаяқтық схемалар арқылы бірқатар клиникалардың пайдасына шығарылғанын көрсеткен. Осыған байланысты 15 қыркүйектен бастап банк зейнетақы қаражатының есебінен медициналық көмектің осы түрін қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды тоқтатылды.
"Отбасы Банкінің ақпараты бойынша 2021 жылдан бастап 2025 жылғы 20 тамызға дейінгі кезеңде платформа арқылы enpf-otbasy.kz тек "стоматологиялық қызметтер" мақсаты бойынша 757 млрд теңге сомасына 795 424 транзакция жүргізілді. Талдау көрсеткендей, 222 млрд теңгеден астам қаражат ТОП-20 стоматологиялық клиникаға жіберілді. Негізгі клиникалардың бөлігі Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан.
Аталған кезеңде Отбасы банкіне 29 797 өтінім берілді, оның 88,3%-ы немесе "стоматологиялық қызметтер" мақсаты бойынша 26 312 өтінім берілген", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін тіс емдету үшін зейнетақы жинағын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін екенін жазғанбыз. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
16 қыркүйек 2025 ж. 163 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930