Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-ағарту министрлігіне жаңа функциялар жүктелді

Оқу-ағарту министрлігіне жаңа функциялар жүктелді

Үкімет қаулысымен Оқу-ағарту министрлігінің функциялары кеңейтілді.
Фото: freepik
Атап айтқанда, білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын, жалпы білім берудің барлық деңгейіндегі бағдарламаларды, сондай-ақ техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қабылдау тәртібін бекіту министрлікке тапсырылды.

Аталған тізімге олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернаттар мен колледждер, сондай-ақ спортқа бейім дарынды балаларға арналған республикалық, облыстық және астаналық мектеп-интернаттар кірмейді.

Сонымен қатар ведомство білім беру саласындағы өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау қағидаларын әзірлеп, бекітумен айналысады.

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және қосымша білім беру жүйесінде, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын қабылдап, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.

Қаулы күшіне енді.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі жоғары сынып оқушыларына мектептен кәсіби мамандық игеріп шығуға мүмкіндік беретін пилоттық жобаны жүзеге асырып жатқанын жазғанбыз.

16 қыркүйек 2025 ж. 115 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930