Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарт аналарға құрмет көрсетілді

Қарт аналарға құрмет көрсетілді


Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бірқатар абзал аналардың үйлеріне барып, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен аудан халқының атынан мерекемен құттықтады.

Алдымен 80 жастағы алтын құрсақты ана, еңбек ардагері, Басықара ауылының тұрғыны Рая Нұрхожаеваның шаңырағына арнайы барды. Қазыналы қартты құттықтап, ыстық лебізін білдірген аудан басшысы мерекелік сый-сияпат табыстады. Қуанышқа бөленген Рая әжей аналық алғысын айтып, ақ батасын берді.

Мұнан соң, аудан әкімі Жалаңтөс батыр ауылындағы Қазалы ауданының құрметті азаматы Ажаркүл Алдажарованы құттықтап, үйіне барды. Мейрамбек Зинабдинұлы ақ жаулықты анаға ізгі тілегін арнап, мерекелік сыйлығын тарту етті.

Шаңырағына арнайы келіп, мерекемен құттықтауы мерейін өсірген Ажаркүл ана, өз кезегінде аудан басшысына алғысын білдіріп, ел үшін атқарып жатқан қызметтеріне сәттілік тіледі.


Бұдан кейін аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі 100 жастағы ең қарт ана Софья Сағымбайдың отбасында болды. Екі ғасырдың куәсі болған, зұлмат жылдары аянбай тер төккен Софья әже шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын білдірді. Бес ұл-қыз тәрбиелеп өсірген ақ жаулықты әже бүгінде 16 немере, 15 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр.

Аудан әкімі Мейрамбек Зинабдинұлы ақ жаулықты аналардың ел дамуындағы елеулі еңбектерін атап өтіп, батыр аналардың қандай құрметке болсын лайық екендігін, оларды қадірлеу – бүгінгі ұрпақтың мерейлі міндеті екенін баса айтты.

Өз кезегінде ақ жаулықты әжелер мерекемен құттықтаған аймақ басшысымен аудан әкімдігіне шынайы ризашылығын жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
08 наурыз 2024 ж. 168 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930