Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсылықпен келген мереке

Жақсылықпен келген мереке


Қазалылықтар Ұлу жылын жоғары деңгейде тойлады. Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінде арнайы ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, аудан халқын мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы ең бірінші Қазалы қаласындағы ардагерлер алаңында өткен салтанатты шараға қатысты.
Мұнан соң аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі орталық алаңда бас қосқан қазалылықтармен бірге мерекелік концерттің куәсі болды. Жиналған көпшілікке Мұхтар Әуесұлы:
“Таңбалы тарих парағында айшықты оқиғаларымен өзіндік із қалдырған 2023 жылмен қоштасып, арман мен үмітке толы Жаңа 2024 жылға аяқ басқалы тұрмыз.
2023 жыл ауданымыз үшін бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды деп толықтай айта аламын.
Өткен қоян жылы Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Даталы мереке аясында ауданда атқарылған жұмыстар жетерлік. Оған Өздеріңіз куә болдыңыздар.
Жыл ішінде ауданымызда әлеуметтік нысандар салынып, елді-мекендерді ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жүрді, жаңа ғимараттар ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсарды.
«Ырыс алды – ынтымақ» дейді дана халқымыз. Барша қазалылықтардың жұмылған жұдырықтай бірлігінің арқасында жаңа 2024 жылда да зор табыстарға жететінімізге сенімім мол.
Осы бір шуақ шашқан отбасылық мереке баршаңызға бақыт, табыс, шаттық әкелсін!“ - деген тілегін білдірді.
Салтанатты шарада жергілікті өнерпаздар аудан тұрғындары мен қонақтарына өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, мерекелік кеште тұрғындар аудан әкімінің отшашуын тамашалап, жаңа жылды ерекше қарсы алды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 қаңтар 2024 ж. 408 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 82

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 82

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 101

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031