Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентінде 220 адамға арналған қоғамдық монша ашылды

Әйтеке би кентінде 220 адамға арналған қоғамдық монша ашылды


Бүгін Әйтеке би кентінде Қызылорда облысының 85 жылдығы және Қазалы ауданының 95 жылдығы аясында «Мирас» қоғамдық моншасы ашылды.

Нысанның ашылуына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындардың қуанышымен бөлісіп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

– Өздеріңіз білесіздер, халық арасында Қазалы ауданын – «Екінші Түркістан» деп атап жатады. Себебі, қазалылықтар кез келген істің көзін тауып, кәсібін дөңгелентіп отыр. Бұл өз кезегінде ауданда кәсіпкерліктің кең өркен жайып, жұмыссыздардың санын азайтуға септігін тигізуде.
Бүгін міне біз Сіздермен бірге Пахрадин Сражадинұлының өз қаражаты есебінен тұрғызған жаңа нысанның ашылуында бас қосып тұрмыз. Ерекше атап өтетін жайт – мұнда 12 адамды жұмыспен қамтығалы отыр, – деген аудан басшысы жеке кәсіпкер Пахрадин Өтеевке аудан әкімінің “Алғыс хатын” табыстады.

Сол секілді “Сыр маржаны” ЖШС директоры Мнажадин Өтеев те өзінің жылы лебізін жеткізді.

Мұнан соң қонақтар ашылу рәсіміне куә болып, жаңа нысанның жұмысымен танысты.

Айта кетейік, бұл Қазалы ауданында жыл басынан бері ашылған 22-ші нысан.
17 қараша 2023 ж. 629 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930