Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шахтерлер қандай жағдайда зейнетке ерте шығатыны белгілі болды

Шахтерлер қандай жағдайда зейнетке ерте шығатыны белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қазақстандықтар қандай жағдайда зейнетке ерте шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz
Министрдің айтуынша, тиісті заң жобасы осы жылдың соңына дейін енгізіледі. Қазір Қаржы нарығын реттеу агенттігі өмірді сақтандыру компаниясымен бірлесіп есептеулер жүргізіп жатыр.
"Біз өз тарапымыздан екі шартты айқындадық – 55 жас және жеті жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасының болуы. Яғни шахтерлер осы екі критерийге сәйкес келуі керек. Мәселе жыл соңына дейін шешілуге тиіс", - деді Жақыпова үкіметте өткен брифингте.
Айтуынша, қазіргі таңда еңбек министрлігі бюджет өтінімін рәсімдеген. Ол үш жылға 45 млрд теңгені құрайды.
Министр арнайы төлемдерді 46 мыңға жуық жұмысшы ала алатынын атап өтті.
10 қазан 2023 ж. 386 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 34

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 37

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 40

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031