Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру тәртібі қандай

Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру тәртібі қандай

Мүгедектігі бар жандарға арнайы жұмыс орнын жабдықтау шығындарын мемлекет субсидиялайды. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру шаралары қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды inform.kz
Әлеуметтік кодекске сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайы зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есепке алмағанда, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының 2-4%-ына дейін жұмыс орындарына квота белгілейді.
Осылайша, өткен жылы 12,2 мың адам квота шеңберінде жұмысқа орналастырылған. 2023 жылдың 2 тоқсанында 7,9 мың адам жұмысқа кірген.
«Оған қоса, арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қарастырылған. 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескеріп, мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілер шығынын субсидиялау тәртібі енгізілді. Субсидия жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдық сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығынды өтеу мақсатында беріледі», - деп жауап берді министрлік агенттіктің ресми сауалына.
2022 жылы мүгедектігі бар адамдар үшін 55 арнайы жұмыс орны құрылған (көру қабілеті бұзылған 20 адам, есту қабілеті бұзылған 22 адам және тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 13 адам). Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдар үшін 18 арнайы жұмыс орны құрылды.
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары тұрақты негізде жетілдіріледі. Мәселен, бұл механизм 2022 жылдың соңында қайта қаралды. Биылдан бастап жұмыс берушілердің шығындары бекітілген және де 300 АЕК-ке дейін (1 млн теңге) өтеледі. Бұл шараға 2023 жылы 207 адамға 214,2 млн теңге қарастырылған», - дейді Еңбек министрлігі.
Сонымен қатар жабдықталған арнайы жұмыс орындарына алынатын мүгедектегі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде субсидияланады: бірінші жылы жалақының 70% мемлекет, 30% - жұмыс беруші субсидиялайды; екінші жылы 65% мемлекет, 35% - жұмыс беруші; үшінші жыл 60% мемлекет, 40% - жұмыс беруші өтейді. 2023 жылға жалақыны субсидиялауға 90 млн теңге қарастырылған.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасында да қарастырылған.
Онда жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және азаматтардың жекелеген санаттары, оның ішінде мүгедектігі барлар, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан, «Электронды еңбек биржасы» базасында (skills.enbek.kz) онлайн оқытудан өтуге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз грант алуға, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысуға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап бизнесті дамытуға арналған 400 АЕК-ке дейінгі гранттар атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы және оның жұбайы бойынша жәрдемақы, асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, қоныс аударушыларға, қандастарға, еңбекке қарсы көрсетілімдері бар, мүгедек баланы және оның жұбайын тәрбиелеп отырған мүгедектігі барларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға беріледі.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша ұлттық жобаға қатысуға 34 316 адам өтініш білдіріп, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 24 866 мүгедектігі бар адам қамтылған.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі мүгедектігі бар жандарға қандай қолдау шаралары қарастырылғанын айтқан еді.
02 қазан 2023 ж. 177 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930