Ерекше қажеттілігі бар жандардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жасалды
Қазіргі таңда оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, кедергісіз орта қалыптастыруға жағдай жасалған. Кез келген мүгедектігі бар тұлға жұмыс істеуге құқылы. Ал мемлекеттің міндеті – осы тұрғыда оларға көмек беру. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 27 бабына сәйкес, жергілікті атқарушы орган ауыр жұмысты, еңбек жағдайы зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді.
Осы орайда партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектігі бар азаматтардың еңбек ұжымдарында 2-4% шеңберінде жұмыспен қамтылуын зерделеу мақсатында Қазалы ауданының теміржол саласының бірқатар мекемелеріне мониторинг жасалды. Мониторинг барысында еңбек етуге қабілеттілігі бар жастағы мүгедектігі бар азаматтар квотаға сәйкес жұмыспен қамтылғандықтары және ұжымда оларға жағдай жасалғаны да анықталды.
Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту орталығына 317 мүгедектігі бар азаматтар жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның 5 адамы тұрақты жұмыспен қамтылып, 4 адам әлеуметтік жұмысқа тартылса, «Бизнес-Бастау» жобасымен кәсіпкерлік негізде 108 адам оқып, мемлекеттік грантты 4 адам алған. Жастар тәжірибесімен 1 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 51 ерекше қажеттілігі бар тұлғалар жіберілген. Қазақстан Респубикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығына сәйкес аудан әкімдігінің «2023 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2022 жылдың 15 қарашасында №168 қаулысы қабылданып, қабылданған қаулыға сәйкес 5 білім саласы мекемелеріне 8 квота белгіленген.
Айта кетейік мониторингке аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Бабанаев Совет Кеңесұлы қатысты.
#AMANAT