Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектігі бар 9,4 мың адам жұмысқа орналасты

Мүгедектігі бар 9,4 мың адам жұмысқа орналасты

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 11,6 мың мүгедектігі бар адам қатысты, деп жазады egemen.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жазуынша,  9,4 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 3,3 мыңы - тұрақты, 6,1 мыңы әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және қоғамдық жұмыстар сынды уақытша жұмыспен қамтылды. 362 адам қысқамерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді.         
«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне мүгедектігі бар1185 адам оқытылды, оның ішінде 127-сі жобасын қорғап шықса, 45-і грант, екеуі шағын несие алды.
Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 158 адам шағын несие алса, тағы 524 мүгедектігі бар адамға қайтарымсыз грант бөлінді.
Бұдан басқа, МБА арналған жұмыс орындары квотасы шеңберінде 4,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. Халықаралық тәжірибе негізінде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға жұмыс берушілердің шығынын субсидиялау енгізілді.
2021 жылы көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 251,8 млн теңге сомасына 113 арнайы жұмыс орнын құру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 19,3 млн теңге игеріліп, 9 арнайы жұмыс орны құрылды.


27 шілде 2021 ж. 543 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031