Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде кімдер заң көмегін тегін алады

Елімізде кімдер заң көмегін тегін алады

Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің білікті заң көмегін көрсетуі» тақырыбында өткен көшпелі отырыста заң көмегін көрсету саласын жетілдіру бойынша бірқатар мәселе талқыланды, деп хабарлайды el.kz
Отырысқа республикалық адвокаттар алқасының төрағалары, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысты.
Отырыста бірінші болып сөз алған әділет министрі Азамат Есқараев көшпелі кеңестің өзектілігі мен маңызына тоқталып өтті.
Заң көмегін көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша көшпелі кеңес өткізу уақтылы және өзекті болып отыр. Бүгінгі отырыс барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі нақты шаралар комитеттің ұсынымдарында көрсетілетін болады. Келешекте біз оларды осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде ескеретін боламыз, – деді Азамат Есқараев.
Сондай-ақ министр Мемлекет басшысы азаматтардың құқықтары мен бостандығына ерекше назар аударуды тапсырғанын тілге тиек етті.
Біздің бүгінгі кездесуіміз жемісті қорытынды жасауға және халыққа заңгерлік көмек көрсету саласын арттыруға, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін дамыту үшін саланы жақсарту жөніндегі шараларды қабылдауға мүмкіндік береді деп сенемін, - деді әділет министрі Есқараев.
Ал әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің сөзінше, 2022 жылғы 20 маусымнан бастап «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейтетін өзгерістер енгізілген.
Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін көмек ала алады. Жыл сайын азаматтардың заң көмегіне жүгінуі артып келеді. 2021 жылы 122 мың адам болса, 2022 жылы – 169 мың, 2023 жылы басталысымен 48 мың адам жүгінді, - деді Молдабеков.
Сондай-ақ вице-министр соның аясында заң көмегі деген ақпараттық жүйе әзірленгенін тілге тиек етті.
Отырыста сөз алған республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбайдың айтуынша, Әділетті Қазақстансыз Жаңа Қазақстан болу мүмкін емес.
Осы тұрғыдан келгенде заң консультанттары алқасының құрылғанына небәрі бір жыл он ай болды. Құрамға республикадағы 13 мың консультанттың 3,5 мыңы ғана кіреді. Біз осы уақытқа дейін біраз жұмыс істедік. «Amanаt» партиясымен меморандумға отырдық. Жақында партия басшылары барлық өңірде көшпелі отырыс өткізді. Бір жарым жыл ішінде керек стандарттарды жасауға тырыстық, - деді Серік Ақылбай.
Отырыста қатысушылар заң көмегін көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін дамыту, сондай-ақ депутаттардың ұсынымдарында көрсетілетін адвокаттар мен заң консультанттарына сағаттық мөлшерлеме бойынша уақытты ықшамдау жолымен заң көмегін көрсеткені үшін төлемді ұлғайту мәселесі бойынша түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар айтты.


23 мамыр 2023 ж. 275 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930