Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Әділет министрлігіне де жаңа басшы тағайындалды

ҚР Әділет министрлігіне де жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 желтоқсан күні "А.Н. Есқараевты тағайындау туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарлық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалсын" – деп жазылған жарлық мәтінінде.
Азамат Есқараев 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:
Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.
2000-2002 жж. – РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы.
2003-2005 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.
2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы.
2006-2007 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.
2007 жж. – ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.
2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі.
2008-2009 жж. – ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры
2009-2014 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.
2014-2019 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы маусымнан бастап – ҚР премьер-иинистрі кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі.
Оқи отырыңыз

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі болды
04 қаңтар 2023 ж. 195 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды