Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенаторлар кедендік әкімшілендіру мәселелерін талқылады

Сенаторлар кедендік әкімшілендіру мәселелерін талқылады

Марат Сұлтанғазиев көшпелі отырысқа қатысушыларға кедендік электрондық декларациялау туралы айтып берді.Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді. Онда ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге, кеден ісі саласындағы электрондық сүйемелдеуге және оны әкімшілендіруді жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды.
Сенат комитетінің төрағасы Ольга Перепечина кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Республикалық бюджет пен республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қарау кезінде сыртқы экономикалық қызмет, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру маңызды әрі өткір мәселелердің бірі болып табылады», – деді Ольга Перепечина.
Сенаторлар кедендік әкімшілендіру мәселелерін талқыладыҚаржы министрінің орынбасары Марат Сұлтанғазиев көшпелі отырысқа қатысушыларға кедендік электрондық декларациялау туралы айтып берді. Ол пандемия кезінде кеден қызметтерін қашықтан ұсыну 100% жүзеге асқанын айтты. Дегенмен министрдің орынбасары кедендік әкімшілендіруді толық жетілдіру үшін барлық процестерді кең ауқымда одан әрі цифрландыру қажет деп санайды.

Сенатор Ольга Перепечина отырысты қорытындылай келіп, ұсынылған материалдарды талдау негізінде Комитет уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін қосымша ұсынымдар әзірлейтінін атап өтті.
25 қыркүйек 2021 ж. 434 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031