Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев кредитке жан бағып отырғандар жайлы: салдары өте ауыр болуы мүмкін

Тоқаев кредитке жан бағып отырғандар жайлы: салдары өте ауыр болуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық банктерді несиені бизнеске көбірек беруге шақырды, деп хабарлайды sputnik.kz.
Мемлекет басшысы инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатқанын атап өтті.
"Жұрттың табысын әлеуметтік саланың шығысы есебінен арттырудың да шегі бар. Біз осы шекке жеткен сияқтымыз", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұған қоса, тұтыну несиелерінің көлемі артып барады.
"Бұл әрекет – инфляция кезінде жан бағудың амалы. Бірақ мұндай ахуалдың әлеуметтік және саяси салдары өте ауыр болуы мүмкін. Тіпті, банктердің өзіне қауіп төндіруі ықтимал", - деді ол.
Айтуынша, несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Сонда жалақысы жоғары жұмыс орындары пайда болады.
"Жұрттың кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы артады. Бір сөзбен айтсақ, азаматтардың табысын көбейтуге мүмкіндік туады", - деді Тоқаев.
Осыған байланысты президент отандық банктерді бизнес пен инвестицияға қолайлы жағдай жасауға тарту өте маңызды екенін атап өтті.
"Банк секторының ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды несиелеу бойынша мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Мен Экономиканы несиелеуді кеңейту шаралары туралы жарлық аясында тиісті тапсырма бердім", - деді ол.
19 сәуір 2023 ж. 230 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930