Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың табысын арттыру жұмысы басты міндет болуға тиіс – Тоқаев

Халықтың табысын арттыру жұмысы басты міндет болуға тиіс – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады. Вице-премьер Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Ақорда.
Тоғжановтың айтуынша, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бағдарлама шаралары аясында бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндірістік бағытында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құрылымдарындағы 1,2 миллион еңбеккердің жалақысы өскен.
Сондай-ақ ол президентке үкіметтің барлық әлеуметтік міндеттемені орындап жатқаны туралы айтты. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, табысы жоқ азаматтардың экономикаға әлеуметтік тұрғыдан жұмылдырылуына қатысты кешенді шаралар атқарылып жатыр. Бұл ретте оларға жұмыс орындары ашылып, жаңа кәсіп түрлерін меңгеру үшін біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік жасалуда.
2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 миллионнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 444 мыңы биыл ашылмақ. 1 шілдедегі мәлімет бойынша 249 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жылдық жоспардың 56 пайызына сәйкес келеді.
Әкімдіктермен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы саларында және аграрлық секторда 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобалар пулы жасақталған. Бұл тізімде 266 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын 847-ге жуық жоба бар.
Сонымен қатар мемлекет басшысына "Жастар тағылымдамасы" және "Алғашқы жұмыс орны" жобалары бойынша тағылымдамадан өту мерзімін ұзарту, еңбекақы көлемін арттыру және жастардың жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруға бөлінетін гранттардың көлемін өсіру жөнінде баяндалды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына жататын азаматтардың тұрақты табыс табуы үшін жағдай жасалуда және әйелдерді жұмыспен қамту тетігі әзірленді.
Кездесу соңында Тоқаев халықтың табысын арттырудың маңыздылығын және мұның ұлттық жобаларда көзделген мақсаттарға қол жеткізуге тікелей байланысты екенін атап өтті. Үкіметке аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.
Президент азаматтардың табысын арттыру жұмыстары барлық орталық және жергілікті атқару органдары үшін басты міндет болуға тиіс деп санайды.
28 шілде 2022 ж. 476 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930