Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қымбатшылық кезінде жан бағу үшін несие алып жатыр – Тоқаев

Халық қымбатшылық кезінде жан бағу үшін несие алып жатыр – Тоқаев

Президент қазір қазақстандықтардың табысы құнсызданып жатқанын мойындады
Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Жұрттың табысын әлеуметтік саланың шығысы есебінен арттырудың да шегі бар. Біз осы шекке жеткен сияқтымыз. Бұған қоса, тұтыну несиелерінің көлемі артып барады. Бұл әрекет – инфляция кезінде жан бағудың амалы», - дейді Gрезидент.
Бірақ, Тоқаевтың ойынша, мұндай ахуалдың әлеуметтік және саяси салдары өте ауыр болуы мүмкін.
«Тіпті, банктердің өзіне қауіп төндіруі ықтимал. Несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Сонда жалақысы жоғары жұмыс орындары пайда болады. Жұрттың кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы артады. Бір сөзбен айтсақ, азаматтардың табысын көбейтуге мүмкіндік туады», _ деді Мемлекет басшысы.
19 сәуір 2023 ж. 154 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930