Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхтар Оразбаев ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

Мұхтар Оразбаев ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өткізілді.
Әкімдік мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселе аудандағы жер қатынастарының жағдайы және жылдық есебінің орындалуы туралы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов хабарлама жасады.
Аппарат мәжілісінде үш мәселе қаралды. Өткен жыл қорытындысымен аудан бюджетіне 2 млрд. теңге түсім түсіп, 104,6 пайызға орындалды. Бұл туралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров баяндады.
Ауданда салық базасын ұлғайту жөнінде екі жедел топ жұмыс жасауда. Өткен жыл үшін жиналуға тиісті салықтың ірі көлемі Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Қызылқұм, Майдакөл ауылдық округтерінде қалыптасқан. Қазіргі таңда жеке тұлғалардан жиналатын жер, мүлік және көлік құралдары салықтарының базасын нақтылау және уақытылы жинау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ауданда кәсіпкерлік нысандарға түгендеу және заң шеңберінде қайта бағалау жұмыстары ұйымдастырылуда.
Күн тәртібіндегі мәселелер биылғы жылдың І тоқсанындағы қаржы игеру болжамы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев, көктемгі әскерге шақыру жұмыстары туралы аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Нұрлан Көлбаев хабарлама жасады. Мәжіліс барысында хабарламашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауап алынды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Салық түсімдерін арттыру бағытындағы жұмыстарды жеделдетіп, кіріс көздерін ұлғайту мақсатында ауыл әкімдеріне алып берілген планшеттермен жұмысты күшейтуді тапсырды.
Мерзімді әскерге шақыру комиссиясына шақырылған азаматтарды жеткізу жұмыстарын қолға алмаған ауыл әкімдерін сынға алып, медициналық сараптаманы толық аяқтауына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, әскерге шақырудан жалтарып жүрген азаматтарға қолданыстағы Заң аясында нақты шаралар көріп, учаскелік полиция инспекторларымен бірге адрестік жұмыстар жүргізуді жүктеді.
13 наурыз 2023 ж. 224 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031