Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру бойынша оқыту семинары өтті

Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру бойынша оқыту семинары өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратының тапсырмаларына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) талаптарын түсіндіру және оны тәжірибеде бірізді қолдану бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай, аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен практикалық семинар өткізілді.
Жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері мен әкім аппараттарының мамандары қатысты.
Семинар барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі талаптары, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібі, азаматтардың өтініштері мен жолданымдарын қарау кезінде заңнама нормаларын сақтау және мемлекеттік органдар қызметіндегі рәсімдердің бірізділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, ӘРПК нормаларын күнделікті қызмет барысында дұрыс қолдану, әкімшілік шешімдер қабылдау кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарын басшылыққа алу жөнінде түсіндірмелер берілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибеде кездесетін мәселелер бойынша пікір алмасты.
Семинар қорытындысы бойынша Ринад Ибайдуллаұлы ӘРПК талаптарын мүлтіксіз сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету мен азаматтармен жұмыс жүргізу барысында заңнама нормаларын басшылыққа алу қажеттігін атап өтті.
21 қараша 2026 ж. 15 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30