Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ү.Түктібаев, Майдакөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр және Ақтан батыр ауылдарында тұрғындармен кеөдесу өтті

Ү.Түктібаев, Майдакөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр және Ақтан батыр ауылдарында тұрғындармен кеөдесу өтті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың елді мекен тұрғындарымен кездесулері Ү.Түктібаев, Майдакөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр және Ақтан батыр ауылдарында жалғасты.
Кездесулерге аудан басшысымен бірге бірқатар сала басшылары қатысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін тыңдады.
Кездесу барысында аудан басшысы алдымен аудан көлемінде жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен міндеттерді баяндады.
Аудан әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларының маңызына тоқталып, Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді атап өтті.
Сонымен қатар аймақ басшысының қолдауымен ауданда жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, шалғай елді мекендерді орталықтандырылған ауызсумен қамту нәтижесінде аудан халқының таза ауызсумен қамтылуы 100 пайызға жеткізілгенін, бірқатар ауылдардың электр желілері жаңғыртылғанын жеткізді.
Өткен аптада Ү.Түктібаев және Жанқожа батыр ауылдарына табиғи газ берілгенін, жыл соңына дейін Майдакөл мен Бекарыстан би ауылдарын да көгілдір отынға қосу жоспарланып отырғанын айтты. Бұдан бөлек, Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Ақсуат және Байқожа ауылдарын газдандыру жобалары әзірленіп, алдағы жылы дарияның арғы бетіндегі елді мекендерге магистралды газ құбырын жеткізу жұмыстары басталатынын атап өтті.
Дарияның арғы бетіндегі ауылдар үшін стратегиялық маңызға ие Қарлан көпірінің құрылысы, аудан жолдарын жөндеу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы су арналары мен каналдарды тазалау және бетондау жұмыстары да сөз болды. Сонымен қатар егін шаруашылығын әртараптандыру, жаңа дақыл түрлерін өсіру және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.
Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан каналдарды тазалау, жайылымдық жерлерге бұлақ көздерін ашып, мал суару мәселесін шешу, елді мекенішілік көшелерге жаяу жүргіншілер жолын салу, жолдарды жөндеу және өзге де ауыл тіршілігіне қатысты мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің әрқайсысына назар аударып, олардың шешілу жолдарына тоқталды. Әсіресе, көп қаражатты қажет етпейтін, жергілікті деңгейде ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болатын мәселелерді созбалаңға салмай, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып шешу қажеттігін айтты. Осы ретте ауыл әкімдеріне тиісті сала басшыларымен бірлесе отырып, тиісті ұсыныстар әзірлеуді, жұмыстарды ұйымдастыруды және нәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
Кездесу қорытындысында аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері назардан тыс қалмайтынын, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғаса беретінін жеткізді.
Бұдан бөлек, аудан әкімі халықпен кездесулерден кейін жеке мәселелері бойынша қабылдауға келген тұрғындарды да қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелердің заңдылығы мен шешу жолдарын зерделеу жөнінде тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.
21 қараша 2026 ж. 15 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30