Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанның оңтүстігіндегі алты ауылда жер сілкінді

Қырғызстанның оңтүстігіндегі алты ауылда жер сілкінді

Елді мекендерде жер сілкінісінің қарқындылығы 3 балға дейін жеткен.
Фото istockphoto.com
Қырғызстанның оңтүстігінде 20 және 21 қарашада бірнеше жер сілкінісі тіркелді. Екі жер сілкінісі елді мекендерде сезілген. Бұл туралы елдің Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметтерінен белгілі болды.
Алғашқы жер сілкінісі 20 қараша күні сағат 02:39-да болған. Оның эпицентрі Бор-Дөбө ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым және Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде орналасқан. Бор-Дөбөде жер сілкінісінің күші 3 балл болған.
Сол күні сағат 21:19-да сейсмологтар екінші жер сілкінісін тіркеген. Эпицентрі Райкомол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым және Қаракөл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан.
Райкомол ауылында жер сілкінісінің күші 2,5 балл болса, Жүзімжан, Жаңы-Жол, Ақ-Жол және Кечүү ауылдарында 2 балл болған.
Үшінші жер сілкінісі 21 қараша күні сағат 19:41-де тіркелді. Оның эпицентрі Ақ-Босого ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 шақырым, Қызыл-Алайдан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым және Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде орналасқан. Сейсмологтардың мәліметінше, бұл жер сілкінісі ел аумағында сезілмеген.
Үш жер сілкінісінің магнитудасы тиісінше 3,9, 3,0 және 3,1 болған. Жер сілкінісі ошақтарының тереңдігі 13-22 шақырым аралығында орналасқан.
22 қараша 2026 ж. 21 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30