Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияға барған барлық құтқарушыға ақшалай сыйақы төленеді – вице-министр

Түркияға барған барлық құтқарушыға ақшалай сыйақы төленеді – вице-министр

Түркияға барған құтқарушылардың бәріне Төтенше жағдайлар министрлігінің бюджетінен ақшалай сыйақы төленеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді, – деп хабарлады.aikyn.kz
«Түркияның зілзала болған аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан қазақстандық мамандарға арнайы сыйақы беріле ме?», – деп сұрады БАҚ өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
«Бұған дейін Мемлекет басшысы Түркияға барған құтқарушылардың бәрі марапатталатынын айтқанын білесіздер. Бүгінде Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару операциясына құтқарушылардың тізімі мен бүкіл құжаттарын Президент Әкімшілігіне жолдады.
Ал ақшалай сыйақы бөлуді министрлік өз бюджетінен қарастырады. Бәріне төленеді», – деді вице-министр.
Сондай-ақ ол Түркиядағы қазақстандық құтқарушылардың соңғы легін өзі ертіп елге қайтқанын айтты.
«18 ақпанда бірінші топ, 19 ақпанда екінші топ елге қарай ұшып шықты. Соңғы топты мен өзім ертіп шықтым. Қазір Түркияда қазақстандық құтқарушылар қалған жоқ», – деді Ибрагим Күлшімбаев.
23 ақпан 2023 ж. 483 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 137

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 124

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30