Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан орман өртімен арпалысқан бауырлас Түркияға көмек жіберді

Қазақстан орман өртімен арпалысқан бауырлас Түркияға көмек жіберді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстаннан Түркияға 2 тікұшақ пен 16 құтқарушыны жіберілді. Бұл туралы Orda.kz ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберілгендігі хабарланды.

— Қазақстандық тікұшақтар бүгін ұшып шықты және үш мемлекетте тоқтап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына ұшып жетеді, – делінген хабарламада.

Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды. Әрі қарайғы қазақстандық құтқарушылардың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үйлестіреді.

— Қазақстан өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластық байланыстардың символы болады, – дейді Талғат Уәли.


08 тамыз 2021 ж. 590 0

Деген екен

15 ақпан 2025 ж. 55

Бауыржанның батырлығы

15 ақпан 2025 ж. 57

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 62

Ауғанның отты жылдары

15 ақпан 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728