Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Сирияға да көмек жібереді

Қазақстан Сирияға да көмек жібереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек беруді тапсырды, деп хабарлайды.sn.kz
Бүгін Қ.Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндаған болатын.
Министрдің сөзінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.
09 ақпан 2023 ж. 239 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 26

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 26

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 28

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031